Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға болады
Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туғанда куәлік беру, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Тараз қаласындағы «Арай» алқабының көшелері жөнделуде
Еліміздегі «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бүгінде халық үшін тиімді болып отыр. Сондай-ақ, аталған бағдарламалар өңірлерде де өркен жайып, ел игілігіне айналуда. Соңғы жылдары Тараз қаласындағы «Арай» алқабынан жаңа тұрғынүйлер салынған болатын. Қалада жүргізіліп жатқан қарқынды құрылыс шаһардың көркіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып келеді. Енді бүгінгі таңда «Арай» алқабындағы көшелер жөнделу үстінде.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлайды primeminister.kz.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
«Көзімнің қарасы» итальян тілінде шырқалды
Кеше елорда төрінде «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты Италияның эстрада əншілерінің қатысуымен думанды кеш өтті. Кеш шымылдығын ашқан Hit Italy тобы Абайдың «Көзімнің қарасы» əнін итальян тілінде шырқады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Оңтүстіктен ЭКСПО көрмесіне көкөніс керуені аттанды
Астана қаласында 22-23 шілде күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.