Қазақстан • 20 Шілде, 2017

Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға болады

804 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туғанда куәлік беру, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға болады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ҚР Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталды. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімінен табуға болды .

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мақсаты - «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.  

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», - дейді А.Оспанов.

Оның айтуынша, жобаны іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу, 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзуға қатысты.

Бұрын бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу мен 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Айта кетерлігі, сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағат 12.00-ге дейін берілуі тиіс.

Аталған қызметтерді көрсететін ХҚКО-лар тізімі:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі -Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

2. Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А Ақмола облысы

3. Сандықтау аудандық бөлімі - Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

4. Зеренді аудандық бөлімі - Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлімі - Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20

6. Алакөл аудандық бөлімі - Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.

7. Балқаш аудандық бөлімі -Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлімі - Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41

9. Еңбекші аудандық бөлімі - Есік қ., Абай к-сі, 314 А

10. Есіл аудандық бөлім і- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17

11. Іле аудандық бөлімі - Өтеген батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23

12. Қаратал аудандық бөлімі - Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

13. Кербұлақ аудандық бөлімі - Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В

14. Панфилов аудандық бөлімі - Жаркент қ., Головацкий к-сі, 51Б

15. Райымбек аудандық бөлімі - Кеген а., Момышұлы к-сі, н/з

16. Сарқан аудандық бөлімі - Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44

17. Талғар аудандық бөлімі - Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А

18. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы - Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

19. Ұйғыр аудандық бөлімі - Шонжы а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлімі - Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. № 3 бөлімі - Белинский к-сі, 37А

22. Абай аудандық бөлімі - Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12

23. Бородулиха аудандық бөлімі - Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25

24. Зырян аудандық бөлімі - Зырян қ. Стахановская к-сі, 39

25. Курчатов қ. бөлімі - Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

26. Бөкей орда аудандық бөлімі - Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

27. Сырым аудандық бөлімі - Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

28. Қарағанды қ. № 2 бөлімі - Чкалов к-сі, 7

29. Қарағанды қ. № 4 бөлімі -Архитектура көш., 8

30. Балқаш қ. бөлімі - Бөкейхан к-сі, 20А

31. Қаражал қ. бөлімі - Ленин к-сі, 18

32. Қарқаралы аудандық бөлімі - Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21

33. Нұра аудандық бөлімі - Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2

34. Осакаров аудандық № 1 бөлімі - Осакаров к., Пристанционная  к-сі,12

35. Саран қ. бөлімі - Жамбыл к-сі, 85/3  

36. Шахтинск қ. №1 бөлімі  -  Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. № 1 бөлімі - Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

38. Мұнайлы ауданы - Маңғыстау а,  24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

39. Ертіс аудандық бөлімі - Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14

40. Қашыр аудандық бөлімі - Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А

41. Павлодар аудандық бөлімі - Павлодар қ., Толстой к-сі, 10

42. Успен аудандық бөлімі - Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30

43. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114

44. Павлодар қ. № 2 бөлімі - Исиналиев к-сі, 24

45. Ақсу қ. бөлімі - Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

46. Петропавл  қ. № 2 бөлімі - Қазақстан Конституциясы к-сі, 72.