Әлем • 17 Шілде, 2018
Басқа басылымдардан. Пучдемон бүлікшіл емес
Германия соты Каталонияның бұрынғы көшбасшысы Карлес Пучдемонды Испанияға экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Алайда оны дербес мемлекет болуға талпынысы үшін емес, референдум өткізіп, бюджет ақшасын негізсіз жұмсағаны үшін айыптап отыр.
Әлем • 17 Шілде, 2018
Батысқазақстандық делегация Ұлыбританияда болды
Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысындағы үш ірі компания – «Кублей», «Жайық Ет» және «Батыс-Пауэр» кәсіпорындарының басшылары Ұлыбританияға барды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Климаттың өзгеруіне қатысты көзқарасын білдірді
Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік қауіпсіздігінің болмауына, заңсыз көші-қонға, әлеуметтік тұрақсыздыққа және қиян-кескі қақтығыстарға әкелуі мүмкін «қауіп-қатердің мультипликаторы» болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «климаттың өзгеруімен байланысты қауіпсіздіктің тәуекелдері» тақырыбында өткен ашық пікірталастың барысында мәлімдеді.
Әлем • 17 Шілде, 2018
Владимир Путин мен Дональд Трамп кездесті
Кеше Финляндияда Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың көптен жоспарланған кездесулері өтті.
Әлем • 17 Шілде, 2018
«Жер жаһанға иелік етсең де, Италияны маған қалдыр». Бұл – италиялық атақты композитор Джузеппе Вердидің «Аттила» операсында Рим генералы Эционың айтқан сөзі. Қазіргі Апеннин түбегіндегі жағдайды Вердидің сол бір ариясымен сипаттасақ қателеспейміз. Еуропаны кезіп жүрген қаржы елесі Италияны айналып өткен жоқ.