2018 жылы өңірде 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, 34 үй осы жылы пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, қалғандары – аудандарда.
Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш екенін атап өту қажет.
Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы «Береке» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысын тексеріп шығып, қарамағындағыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Мұндай көп тұрғын үйдің құрылысы жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде мүмкін болды. Облыс басшылығымен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, бұл өз кезегінде Атырауда құрылыс саласында серпіліс тудырды, - деп атап өтті Алимұхаммед Құттұмұратұлы. – Біздің міндетіміз өз қаражатын тұрғын үй құрылысына инвестициялағысы келетіндер үшін мейілінше қолайлы жағдайлар жасау. Бұл өз кезегінде ипотекалық тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді.
Салынып жатқан тұрғын үй көлемінің ұлғаюы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 01:09
Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды
Заң • Бүгін, 00:30
Қазақстан-Қатар арасындағы тауар айналымы 50%-ға артты
Экономика • Кеше
Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды
Табиғат • Кеше