Қоғам • 21 Тамыз, 2019
«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcы басталды
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделер мен бас жүлде автокөлікті ойынға салады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Семейде италиялық журналистер саяхаттап жүр
Аты әлемге әйгілі болған Семей сынақ полигонын зерттеу үшін Италиядан Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей есімді журналистер арнайы келді. Олар ұзақ жылдардан бері қарай ядролық полигонды зерттеумен айналысады екен.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Жапондықтар EAGLE-3 зерттеу жобасына жоғары баға берді
Әлемдегі алпауыт мемлекеттер ішінде біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет тарихи Жолдауымен адамзатқа апат әкелген ядролық сынақ полигонын жапты. Қазақстан өз еркімен әлемдегі ең ірі төртінші ядролық қарудан бас тартты.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Семейдегі Орталық саябақтың құрылысы неге аяқталмай жатыр?
Семейдегі Орталық саябақтың жөндеу құрылыс жұмыстарына жабылғанына төрт айдан астам уақыт өтті. Жаз кезінде бұл жұмыстар аяқталады, саябақ халық игілігіне ұсынылады дегенмен, мәселе сол күйі тұр. Десек те, Саябақтың асфальты қопарылып, Шәкәрім ескерткішінің маңайында біраз жұмыстар қолға алынса керек. Бірақ, ол да аяқталмаған, себебі бұл Саябақты жөндеуге байланысты жоба эскпертизадан өтпей қалған болып отыр.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2019
Өркениетке бастаған өрелі істер
Өркениеттен шет қалған аудандар мен ауылдардың мәселесі туралы жиі жазылып жүр. Соңғы мақаламызда алыстағы ауылдың байланыс желісі туралы ахуалды сөз еткен едік. Көп ұзамай тиісті орындардан жауап алдық. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясы алдағы екі жылда Қостанай облысында 1089,5 км талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуды жоспарлап отыр екен.