Сұхбат • 18 Тамыз, 2016
Ел шебін ерекше күзетпесе, елден тыныштық кетеді. Шекараның қырағы қорғалуы мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақты дамудың негізі болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері сонау 1992 жылғы 18 тамызда Президент Жарлығымен КСРО Шығыс шекаралық округінің базасында құрылған болатын. Ал содан бергі аралықта біраз уақыт өтті. Шекара әскерлері не бітірді? Ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар бар ма? Жалпы, ел шебін күзетуде не істелді? Міне, оқырмандар көкейіндегі осы сұрақтар төңірегінде еліміздің ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Дархан Ділмановты әңгімеге тартқан едік.