ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президент «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Соңғы 5 жылда жүк тасымалы 6 есеге артты
Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТМТМ) дамыту арқылы Еуразиялық логистикада жетекші орынға ие болуда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркиямен бірлесе отырып ТМТМ әлеуетін толық пайдалану бойынша күш-жігерді біріктіруді тапсырған еді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Республикалық жолдардың жағдайы 93%-ға дейін жақсарған
Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан Еуразияның жетекші транзиттік хабына айналуға қадам жасалып жатыр. Бұл бағытта Мемлекет басшысы автожолдарды жаңғырту, жаңа көлік дәліздерін салу, логистикалық орталықтарды жақсарту, сондай-ақ көлік үдерістерді оңтайландыру бойынша цифрлық шешімдер енгізуге қатысты негізгі тапсырмалар берді. Бүгінгі таңда Үкіметте еліміздегі экономикалық өсу мен халықаралық көлік желісіне ықпалдасуының негізін құрайтын бірқатар іс-шара қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Инфрақұрылымдық жобалардың игілігі
Еуразияның кіндік тұсында орналасқан еліміздің көлік-логистика әлеуеті ауқымды. Сол әлеуетті тиімді пайдалану, инфрақұрылымдық жобаларды көршілес елдермен арадағы интеграция аясында іске асыру тұрғысынан бірқатар бастама көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық» екенін айтты. «Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынып жатқан әрбір инвестиция өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз», деді Президент.