Ғалам ғажаптары • 22 Тамыз, 2025

Өзгермелі ту

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әдетте мемлекеттердің туы бір бекітілген соң, өзгермейді. Ал Филиппиннің байрағы өзгеше дәстүрімен ерекшеленеді. Бұл ту­дың бір емес, екі ресми нұсқасы бар.

Өзгермелі ту

Туда негізінен ақ үшбұрыш, оның ішінде күн мен жұлдыздар бейнеленген. Ал қалған бөлігі көк және қызыл жолақтан тұрады. Бейбіт күндері көк түс үстіне қойылады. Ал ел соғыс жағдайында болса, жолақтар орын ауыстырады. Яғни қызыл түс жоғары көтеріліп, көк түс төмен түседі. Осылайша, Филиппин туы тек мемлекеттік рәміз ғана емес, халыққа бейбітшілік пен соғыс жағдайынан хабар беретін ерекше белгіге айналған.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025