Кітапхана • 30 Тамыз, 2016
Елбасы кітапханасына – Семей өңірінің сыйы
«Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар, – деп еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Тәуелсіздіктің көкжиегіне көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдан өттік. Осыдан ширек ғасыр бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда, «қазақ» деген халықтың бар-жоғын әлі танып білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүниежүзі мойындаған Қазақстанның 25 жылдан кейінгі жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында да қиын-тұғын. Бірақ, бұл – бәріміз куә болған ақиқатты дүние. Содан бергі 25 жылда ұлан-ғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық».