29 Тамыз, 2016

Триатлоннан еліміздің жаңа құрамасы жасақталады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29.08.2016 AST-1 Қапшағай су қоймасы маңында триатлоннан кәсіпқой спортшылар мен әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ол «ALTYN ADAM TRIATHLON 2016» деп аталды. Оған 200-ден астам триатлоншы қатысты. Бұл бәсекеде Украина мен Қырғызстанның спортшылары да күш сынасты. Чемпионатта кәсіпқойлар Sprint, Super sprint қашықтықтарына жарысты. Осы доданың соңында үздік спортшы атанғандар Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынады. Биылғы чемпионатта Sprint қашықтығы бойынша ерлер арасында Дарын Конысбаев, Сергей Курочкин, Азамат Кембілов, Виталий Белов, әйелдер арасында Екатерина Шатная, Аружан Аманжолова мен Әйгерім Шыңғысек чемпион атанды. «Қазақстан чемпионатында спортшылар ұлттық құрамаға іріктеуден өтті. Енді қыркүйек айында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Дәндібай Әлімбаев пен Триатлон федерациясының шешімімен команданың құрамы жасақталады. Осы команда келесі Олимпиялық ойындарға дайындалады», деді Триатлон федерациясының президенті Мұратхан Тоқмади. Дастан КЕНЖАЛИН 29.08.2016 AST-2 29.08.2016 AST-3