Фото: istockphoto.com
Соған қарамастан, Тегеран бұғазға келген кемелер алдын ала өтінім беріп, жүру бағыты мен бұғаздан өту уақытын көрсетуге міндетті екенін мәлімдеді. Иран тарапы бұл талап теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілгенін мәлімдеді.
Бұған қоса Тегеран бір ай ішінде Ормұз бұғазының акваториясын миналардан тазалап, кеме қатынасына кедергі келтіретін барлық бөгеттерді жоюға міндеттеме алды.
Келісімге сәйкес, АҚШ теңіз блокадасын тоқтатқанын жариялады. Пентагон мәліметінше, келісілген мерзімде америкалық әскери күштердің Парсы мен Оман шығанақтарындағы кемелердің қозғалысына кедергі келтірмейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ел билігі Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар порт аумағынан жер телімін алатынын хабарлаған болатын. Келісімге сәйкес Қазақстан ирандық тарапқа Каспий теңізіндегі Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.