Медицина • 18 Тамыз, 2017
Қарағанды дәрігерлері жүкті әйелдерге жіті қызмет көрсетеді
Бүгінде отандық медицина саласының жас мамандары даярланып, жаңа технологияның тiлiн бiлетiн білікті жастар келіп жатыр.
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Жатыр мойнының ісігі – білдірмей жұтатын дерт
Осыдан біраз жыл бұрын Алматыдағы үлкен емдеу мекемесі туралы мерейтойлық мақала жазуға барып тұрып, өкінішті бір оқиғаның үстінен түскеніміз есте.
Жұмысты жалғастырар жастар қайда?
Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Медицина • 18 Тамыз, 2017
Қазақстан • 18 Тамыз, 2017
Біз онымен ауруханада таныстық. Ұялы көздерінен мейірім төгіліп тұратын иманжүзді әйел екен. Қара торы өңіндегі қап-қара меңі де әдемі жарасқандай. Невропатолог дәрігер оған да дене шынықтыру жаттығуларын жасауға бұйырыпты. Нұсқаушы-медбике түрлі жаттығулар жасатқаннан кейін бір мезгіл демалдырады. Сондай бір сәтте би билеу төңірегінде әңгіме бола кетті. Ол бала кезінен биді жақсы көргенін, тіпті студент кезінде Мәскеу сахнасында билегенін айтып қалды. Медбике де іліп алып, «биді неге тастап кеттіңіз?» деді. «Тағдырым мені биші етпеді, басқа арнаға салып жіберді» деді жәй ғана. Медбике «ол қандай тағдыр?» дегендей ынтыға түсті. Ішкілікке салынған күйеуінің қайтыс болған әйелінен қалған ауру балаларды бағып жеткізгенінің шет жағасын ғана айтқанда, медбике Татьянаның шарасынан шыққан көзі боталап, жасқа толды.