Оқиға • 18 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт: тағы бір адамның денесі табылды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай «Қазақстан» шахтасындағы төтенше жағдай салдарынан көз жұмған тағы бір жұмысшының денесі табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Мұрат Әбенов: Мемлекет тарапынан барлық балаға бірдей жағдай жасалуы керек
Сыр өңіріне сапары барысында Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның жүзеге асу барысымен танысты, сондай-ақ қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Тамыз, 2023
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару үдерісі басталғаннан кейін жемқорлардан қайтарылған қаражатты жинақтайтын арнайы қор құрылған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қорға 151,6 миллиард теңге түскен.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөні белгілі болды
Өрт салдарынан 39 жыл еңбек өтілі бар жерасты электршебері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «АрселорМиттал Теміртау»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәрбие • 18 Тамыз, 2023
Бала тәрбиесіне – елдік көзқарас
Кейінгі жылдары балаларға қатысты зорлық-зомбылық жиілеп бара жатқаны рас. Бұл жағдай тұтас қоғамды алаңдата бастады. Осы күрделі мәселенің алдын алу жолы мен себеп-салдарын талқылауға Түркістан қаласына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бастаған атқарушы билік өкілдері және жауапты мамандар жиналды.