Қоғам • 18 Тамыз, 2023

«Қазақстан» шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөні белгілі болды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт салдарынан 39 жыл еңбек өтілі бар жерасты электршебері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «АрселорМиттал Теміртау»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөні белгілі болды

Фото: youthrussia.ru

- «Қазақстан»шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі - 39 жыл) қаза тапты. Біз марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамыз, -  делінген  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған. 222 адам жер бетіне жедел шығарылды.

«Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз», деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.