Тәрбие • 18 Тамыз, 2023
Әлемдік қауымдастықта орнымыздың айшықты болуы ұлтымыздың заманауи талаптарға жауап беретін сапасына тікелей қатысты. Ұлтымыздың жаңаша болмысының қалыптасуында білім мен тәрбиенің орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижесі отбасы, білім мекемелері және жұртшылықтың өзара үйлесімді жұмыстарының тиімділігімен өлшенеді.
Ауыл • 18 Тамыз, 2023
Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысында басталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Жылдық пайызы өте төмен мөлшерде несие алып кәсіп бастаушылардың қатарына тауарлы несие алғандар да қосылды. Осылайша, елімізде ең бірінші болып кепілдік мүлкі жоқ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды тауарлы несиелеу жобасы қолға алынды.
Төтенше жағдай • 18 Тамыз, 2023
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының іргесіндегі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында апат болды. 170 метр тереңдікте өрт шыққан. Конвейер таспасы өртеніпті. Зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар төрт адамды іздестіруде. Бір кеншінің денесі табылды. Шахта ішіндегі қою түтіннің салдарынан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды. Өрттің себептері анықталып жатыр.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2023
Шахтинск қаласы – Қарағанды облысының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі. Шаһардың электр энергиясын заман ағымына сай таратуда тиісті кәсіпорындарының алар орны айтарлықтай. «Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шахтинск қаласын жылумен жабдықтайтын жалғыз қайнар көзі. Жылу электр орталығы қолданысқа 1964 жылы тапсырылған. Қазіргі уақытта жылыту кезеңіне дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Теннис • 18 Тамыз, 2023
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты.