Елорда • 24 Тамыз, 2020
Елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нысандары артады
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады, 26 білім беру нысаны жөнделіп, инклюзивті білім беру кабинеттері ашылады. Бұл туралы "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 24 Тамыз, 2020
Қазақстанда киік саны артып келеді
Қазақстанда киік санының өсуі мемлекеттік қауіпсіздік шараларын күшейту және инспекторлардың материалдық-техникалық базасын жақсартудың арқасында мүмкін болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
42 500 теңгені 2,3 млн-нан астам қазақстандық алды
24 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 376,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 368,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Парламент • 24 Тамыз, 2020
Мәжіліс депутаты әлеуметтік мәселелерді назарға алды
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Алматы облысындағы "Баянкөл" шекаралық заставасына барып, шекарашылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қоғам • 24 Тамыз, 2020
770-тен астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды
COVID-19-бен күресуге тартылған 776 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды, - деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.