Пікір • 21 Тамыз, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Дүниетанымымызға жат мәдениеттерге көзсіз еліктеуден, жалған патриотизмнен, даңғойлық пен дарақылықтан сақтануымыз керек. Халқымыздың бойындағы кемшіліктерге көз жұма қарамай, одан арылуымыз қажет. Мұның бәрі күн сайын құбылған тұрлаусыз заманда өмір сүріп жатқан Қазақстанның келешегі үшін айрықша маңызды», деген еді.
Білім • 21 Тамыз, 2024
Биыл өңірде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында төрт мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен тағы екі мектеп ашылады.
Білім • 21 Тамыз, 2024
Оқушының керек-жарағы қанша тұрады?
Әне-міне қыркүйек те келіп қалды. Балалар жаздың соңы жақындағанын ойлағысы да келмей ойнап жүрген шығар, алайда ата-аналар мектепке қамдануды бастап та кеткен. Бұған көпшілік арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде көз жеткіздік. Соған сүйеніп «Бір баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек?» деген сауалға жауап іздеп көрдік.
Тұлға • 21 Тамыз, 2024
1925 жылдан 1937 жылға дейін қазақ, орыс, ұйғыр тілдеріндегі 66 кітапта авторлық құқығы сақталған Бейімбет Майлиннен көлемді де көрнекті көп мұра қалды. Қазір жинақтан-жинаққа ауысып жүрген жүзге тарта поэзиялық туындысы, қырықшақты көркем әңгімесі, танымал бірнеше повесі мен романы, он беске жуық пьесасы, екі жүзге жуық журналистік еңбегі белгілі. Ал белгісіздері қаншама?«Қазығұрт» баспасы шығарған көптомдық шығармалар жинағына кірмеген, кезінде қолға түспеген, іздеп таба алмаған, әлі де іздестіріліп келе жатқан еңбектері бар. Соның бірі – оқырман назарына ұсынылып отырған төмендегі әңгіме.
Жұмыс • 21 Тамыз, 2024
Астанадағы көлік қозғалысы күн санап күрделеніп келеді. Өйткені халық саны өсіп, инфрақұрылым мүмкіндігін кеңейте түсу мәселесі өзекті бола түсті. Шаһардағы №1 автобус паркінде 1 035 автобус бар. Таяу арада тағы 100 көлік сатып алынбақ. Күн сайын 750-800 автобус жолға шығып, 400-450 мың жолаушыны тасымалдайды. Жақында паркке барып, жұмыс барысымен жақынырақ таныстық.