Білім • 17 Тамыз, 2018
Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылын бірқатар жаңалықтармен бастағалы отыр
Биыл Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылын бірқатар жаңалықтармен бастағалы отыр. 2018-2019 оқу жылында мектепте оқитын балалар саны шамамен 2 млн 990 мыңға жетпек. Әлбетте бұл мәлімет бірінші қыркүйекке дейін әлі толыға түсетінін ескергеніміз жөн. Оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданатын балдырғандардың саны 1 тамыздағы есеп бойынша – 329 346 оқушы.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2018
Қызылжар өңірінде бруцеллез дерті көбейіп келеді
Бруцеллездің қатерлі дерт екенін ауылдықтар жақсы біледі. Қазақ бұл кеселді «сарып» деп те атайды. Бруцеллез қоздырғыштарын жұқтырған адам ауруын асқындырып алса мүгедектікке, тіпті ақыры өлімге соқтыруы мүмкін. Солай екенін біле тұра жекелеген агроқұрылым жетекшілері мен тұрғындар тарапынан жұқпалы мал ауруларына қарсы сақтық шараларының барынша сақтала бермейтіні өкінішті. Айталық, Қызылжар аудандық ветеринария саласының басшылары мен мамандары мал өнімдері мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезектегі қызметтік міндет екенін біле тұра іске салғырт қарау, жауапкершілік жүгін басқаға ысыра салуды әдетке айналдырған.
Медицина • 17 Тамыз, 2018
Ақтөбеде «7 – 20 – 25» бағдарламасына 100-ге тарта адам өтініш тапсырған
Аталған бағдарлама аясында қабылданған өтініштердің саны бойынша Алматы, Астана және Ақтаудан кейінгі 4-ші орында Ақтөбе қаласы тұр.
Спорт • 16 Тамыз, 2018
Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды
Бүгін 2018 жылғы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері өтуде деп жазады Olympic.kz.
Спорт • 16 Тамыз, 2018
Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді
Футболдан 2018/2019 жылғы маусымының УЕФА суперкубогының финалдық сайысы келесі жылдың 14 тамызында Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өтеді.