Зерде • 15 Тамыз, 2023
Бұқардың жыры – бұқараға аманат
Бұқар жыраудың 355 жылдығы Арқа жерінде айтарлықтай атап өтілді. «Бұқарекең жырлайды» атты республикалық фестивальге елдің түкпір-түкпірінен жиырмадан астам жыршы-жырау келді. Фестиваль Бұқар бабаның атындағы ауданның Ботақара кентінде басталып, нүктесі кеншілер шаһарында қойылды.
Теннис • 15 Тамыз, 2023
Монреальдағы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте өзінің төртінші орнын сақтап қалды.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Қостанайда мың құбылып әуеге шапшығанда түрлі-түсті бояуға малынып, Батыстың классикалық симфониясы мен Құрманғазы күйлерінің ырғағына ілесіп билей жөнелетін музыкалық субұрқақ іске қосылды. Ерекше субұрқақ ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші тұрған орталық саябақта орналасқан.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Ақтөбелік велосаяхатшы Арқаға жетті
Ақтөбеден ұзақ жолға шыққан ардагер велошабандоз Арқаға келді. Бар ғұмырын теміржол бойында өткізген Жұмабай Отарғалиев елімізді аралап жүр. Велосипедті тақымдағанына алты жыл болыпты. Содан бері 20 мың шақырымнан аса жол жүріп өткен. Зейнетке шыға салысымен велосипед алып, құрметті еңбек демалысында ел аралап, жер көруді мақсаты еткен Жұмабай ақсақалдың жасы 75-те.
Қоғам • 15 Тамыз, 2023
Шетелден әкелінген көлік кедендік тазартудан өту қажет - МКК
Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін үшінші елдерден әкелінген көлік құралдары міндетті түрде кедендік тазарту рәсімінен өтуі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Ержан Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.