Білім • 15 Тамыз, 2023
Оқушы киімін қалай таңдау керек?
Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Ата-аналар балаларын мектепке дайындаудың қамына кірісіп жатыр. Биыл 339 880 бала мектеп табалдырығын аттайды. Ендеше осынша бала алғаш рет мектеп формасын киеді деген сөз. Мектепке баратын уақыт таяған сайын ата-ананы ойландыратыны да осы – форма таңдау.
Ғылым • 15 Тамыз, 2023
Тау-кен өндірісін технологиялық жаңғырту жолы
Бизнеске арналған цифрлық шешімдерге сұраныс артып келеді. Ақпараттық технологиялар күшейген сайын отандық компаниялардың бұлт провайдерлерінің Деректер орталықтарында (Data center) орналасқан бұлтты есептеу ресурстарына деген сұраныс та жоғары. Ал цифрландырудың қарқын алуына бұлтты есептеу технологиялары ықпал етеді. Кейінгі жылдары өндірістің әртүрлі саласында цифрлық технологияларды өндіріске кеңінен енгізу қажеттігіне байланысты уақыт пен кеңістікте әртүрлі ішкі жүйені жедел басқару және үйлестіру қажеттігі туындады.
Ғылым • 15 Тамыз, 2023
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 90 жасқа толған көрнекті академик, танымал ұстаз, қоғам қайраткері Зейнолла Молдахметовті қабылдап, мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын жеткізді. Сәулелі сәт әрмен қарай Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ұйымдастырылған ғылыми конференцияға жалғасты.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2023
Тарихы терең, табиғаты көркем Балқаш ауданы – қазақтың біртуар тұлғасы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған жері. Қасиетті өлке халық қаһармандары Бақтыораз Бейсекбаев пен Мұсабек Сеңгірбаев, жазушы-драматург Бек Тоғысбаев, халық ақыны Медет Жиенбаев есімдерімен де таныс. Іле өзенін жағалай қоныстанған құт мекеннің төскейінде төрт түлігі өріп, астығы мен күріші жайқалып, тыныс-тіршілігі түрлене түскен.
Әдебиет • 15 Тамыз, 2023
Адам және оның тағдыры – Оралхан Бөкей шығармашылығының басты лейтмотиві. Ол жазу әлеміне «мал, малшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп, сыбырлап келген жоқ, бар даусымен айқайлап «Адам!» деп келді. Адам, Адамның тағдыры дейтін үлкен гуманистік мұраттарға ұмтылды. Жазушының алғашқы шығармаларының бірі – «Мұзтау» повесінен (1974) бастап соңғы жарық көрген «Атау кере» романына (1989) дейінгі аралықтағы қай туындысында да кейіпкерлер – «адам орманда» адасқан жандар немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген пенделер.