Әскер • 11 Тамыз, 2023
Әскери-әуе күштері С-295МW әуе кемесімен толықты
Қорғаныс министрлігі армияның барлық аспектісін дамыту және әскерлерді техникалық жарақтандыру шараларын кешенді түрде жүзеге асырып келеді. Авиациялық парк те жыл сайын жаңа техникамен толығуда. Астана қаласының авиабазасына испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған жүк көтергіші орташа С-295МW әскери-көлік ұшағы келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандардың шығындары өтеледі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының егіншілерімен кездесті. Сеңкібай су арнасы құрылысының барысын тексеріп, вегетациялық кезеңде суды пайдалану тиімділігін арттыру шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 11 Тамыз, 2023
Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан Парламенті Сенаты мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Тамыз, 2023
Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия кешені іске қосылады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ірі химиялық кешенінің құрылыс жобасымен және «Тараз химиялық паркі» АЭА базасындағы жаңа инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2023
Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттайды
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы»қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.