Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Жетісуда көгілдір отынға қосылу жүйелі жүруде
Біз бұған дейін де Алматы облысының аумағында газ тарту жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын жазған едік. Алматы қаласы маңынан Талдықорған аумағына қарай салынған құбыр желісі бүгінде толықтай аяқталып, облыстың бұрын-соңды көгілдір отын жетпеген аудандары табиғи отынға қосыла бастады.
Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар
Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өзгерістер жүзеге асырылады. Жаңа технологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл шаруашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.
Медицина • 13 Тамыз, 2018
Қазақ сарбаздары бейбіт миссияға қатысады
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің әскерилері арасында әр екі жыл сайын өтетін «Бейбіт миссия» арнайы оқу-жаттығу шарасы биыл Ресейде жалғасады.
Тәрбие • 13 Тамыз, 2018
«Зерен» демалыс орталығында «Digital-ұрпақ» республикалық жастардың жазғы білім лагері ашылды. Білім лагері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасын талқылаудың, іске асырудың алаңы болмақ.
Қаржы • 13 Тамыз, 2018
Агроөнеркәсіпті дамытуда жаңа көзқарас керек
Қостанай өңіріне екі күндік сапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізді.