Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Жер-жаһаннан өзгеріске ұмтылған жастар жиналады
40-тан астам елдің жас көшбасшылары мен әр деңгейлі делегаттары елордада ұйымдастырылатын «Өзгерістерге ұмтылыс» (Passion for change) атты халықаралық жастар конференциясында бас қоспақ. Тамыздың 16-20 аралығында өтетін ауқымды шараға әлемнің әр елінен және отандық әр сала майталмандарынан 65 спикер келеді деп күтілуде. Ал жалпы қатысушы делегаттар саны қазірдің өзінде 500-ден асып үлгерген.
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Еліміздегі жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басты бағыты – жас ұрпақтың жарқын болашағы. Олардың мектеп қабырғасында алып жатқан тәрбиесі мен білімі – әрқашан қоғам назарында. Әрбір ересек адам мұның себеп-салдарын жақсы түсінеді. Елбасымыз: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық, яғни этнотәрбиеге баса көңіл аударуымызды меңзеп, бағытымызды белгілеп, мақсатымызды айқындап берді.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2019
Түркістан облысының Шаян елді мекеніндегі ірі медреседе оқу мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін созылып отырған, ал шәкірттер дәрісханада білім алып, құжыраларда тұрған екен. Жергілікті жерден ғана емес Шаянға білім іздеп Қарқаралы, Жетісу, Атбасар, Іле, Талас, Сарысу, Сыр өңірінен де шәкірттер келген. Тарихи деректерге қарағанда, осында білім алғандардың қатарында Ұлбике ақын, Кенесарының ұлы Садық сұлтан, өңірдегі атақты ақынның бірі, аты аңызға айналған Манат қыз да болған.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2019
Ақтаудағы «Zhamal-ai LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бес жылдан астам уақыт тынбай жұмыс істеп келеді. Ширек ғасыр ішінде өзіндік бағыт-бағдарын қалыптастырып, тәжірибесін толықтырған серіктестік отандық нарықта өзін тек үздік жағынан көрсетіп жүр.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2019
Қуаңшылықтағы қимыл қалай болмақ?
Қостанайда биыл аспаннан тамшы тамбады десек өтірікші бола қоймаспыз. Алты ай жаз жердің бетін қуырған аңызақ жел соқты да тұрды. Аға буын өкілдері де дәл мұндай қуаңшылықты 35 жылдан бергі уақытта көрмепті. Оны күзгі жиын-терін алдында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бейнебайланыс арқылы аудан әкімдерімен өткізген мәжілісіне қатысқан байырғы диқанның бірі, Қамысты ауданындағы «Алтынсарино» шаруашылығының жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев те құптады.