Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Атырауда темір қоршауға шаншылып қалған ер адам құтқарылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға кеше, 18 тамызда сағат 17:30-да болған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Тамыз, 2020
Ұлттық банк алтын сатып алу жоспарлары туралы айтты
Биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шамамен 60 тонна тазартылған алтын құймасын сатып ала алады. 2020 жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің алтынвалюта резервіндегі алтын портфолиосы шамамен 382 тоннаны немесе $ 25 млрд құрады. Дүниежүзілік Алтын Кеңесінің алдын-ала мәліметтері бойынша, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде 16-шы орында. Бұл жаңалық емес, әлемдік қаржы жүйесі кез келген уақытта қаржы секторы мен экономикасының қуатын арттыру үшін осындай қадамға барады. Сондықтан әлемдік қаржы реттеуіштерінің ізімен Ұлттық банк алтын қорын ұлғайтуды жалғастырып жатыр, - деп жазады Egemen.kz. Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Тамыз, 2020
Қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасында төрелік етеді
Қазақстандық төрешілер бригадасы Чемпиондар лигасындағы әзербайжандық "Карабах" пен "Шериф" (Молдова) - "Фола" (Люксембург) жұбының жеңімпазды арасында өтетін кездесуге төрелік етеді. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Шымкенттік фармацевттер шаһарда дәрі-дәрмектерге арналған сараптау орталығын ашуды сұрап отыр
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы фармацевтикалық компанияның өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында олар медициналық мекемелердің және провизорлық орталықтардың қызметкерлерін дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ, қорғану бұйымдарымен қамтамасыз ету мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Жетісу жастары дәрігерлерге арнап "Алғыс жәшігін" ашты
Жетісу жастары «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясын жалғастырып жатыр. Бұған дейін аймақтағы ауруханаларға көмек қолын созып, ақ халатты абзал жандарды қолдаған еріктілер енді жалпақ жұрттың медицина қызметкерлеріне арнаған тілегін жинастарып, табыстауға кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.