Қоғам • 08 Тамыз, 2019
Жақында әлеуметтік желіде жүген-құрық тимеген асауды тақымдаған жігіттің өрлігі мен өжеттігі көрініс тапқан бейнежазбалар кең таралып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Шу асаулардың бірінің жалына таскенеше жабысып, туғалы жүгенделіп көрмеген екі жарым жастағы күрең құнан шалқалап құлағанның өзінде тақымын босатпаған жігіттің қайраты мен ептілігі талайға таңдай қақтырды.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Ауғанстанның алуан айшықты әлемі
Жуырда Орталық мұражайға бас сұғып тағдыры қатпарлы Ауған елінің тарихынан хабар беретін айрықша көрме-жәрмеңкесін тамашалаудың сәті түсті. Көрерменнің ықыласына бөленген айтулы көрмені Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда атташесі, Ауғанстанның Сауда және индустрия министрлігі және Іскер әйелдер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған.
Спорт • 08 Тамыз, 2019
Forbes 2019 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жасады
Forbes журналы әлем бойынша 2019 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жасады. Спортшылардың бір жыл ішіндегі, яғни 2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілде айына дейінгі табысын есептеген.
Әлем • 08 Тамыз, 2019
Қырғызстанның экс-президентін ұстау операциясы: 45 адам зардап шекті
Түнгі сағат 03:00-дегі жағдай бойынша, Бішкек қаласы мен Шу облыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпен 45 адам түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спорт • 08 Тамыз, 2019
Жуырда ғана Болгарияның бас шаһары – Софияда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Грек-рим күресінен сынға түскен 45 кило салмақтағы балуанымыз Саматбек Ізімғали жаһандық додада қарсылас шақ келтірмей, кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Сүйінші хабарды газетіміздің өткен санында (№150, 7 тамыз 2019 жыл) жариялаған болатынбыз. Спортшымыз финалда Өзбекстан елінен келген Асадбек Бахрамовты таза әдіспен жеңіп, алтын медаль олжалады. Болгария төрінде әнұранымызды шырқатып, көк туымызды көкке көтерді. Саматбек Ізімғали бүгінде Алматыдағы «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде білім алып жатыр. Балуанды атаулы жеңісімен құттықтап, аз-кем тілдесейік деген ниетіміз ә дегеннен-ақ оңайға соқпады. Сөйтсек, кейіпкеріміз мүлде смартфон қолданбайды екен. Әйтеуір, әрең дегенде бапкерінің телефонын тауып, ұстаз бен шәкірттен қатар сұхбат алдық. С.Ізімғалиді қазіргі таңда Жарқын Тұрсынов жаттықтырып жүр.