Заң • 29 Тамыз, 2023
Ата Заңның мұраты – әділетті қоғам
Елімізде тарихи референдум арқылы Ата Заңымызға заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгелі жылдан астам уақыт өтті. Одан бері мемлекеттің саяси сахнасында және құқық қорғау саласында бірқатар реформа жасалды. Жаңа үлгідегі Конституция демократиялық елдің, халық үніне құлақ асатын мемлекеттің іргесін бекіте түсті. Конституция күні қарсаңында бірқатар жауапты тұлғалар мен сарапшы мамандарды әңгімеге тартып, ел өміріндегі елеулі өзгерістер жайында пікірін білген едік. Дөңгелек үстелге Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Евгений Больгерт, Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов, «Қазақстандық заңгерлер қауымдастығы» РҚБ атқарушы директоры, Жоғары сот кеңесінің судьяларды таңдау бойынша комиссияның мүшесі Серік Беркамалов қатысып, еліміздегі ең басты құқықтық құжаттың басты мақсаты туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Заң • 29 Тамыз, 2023
Конституциялық сот: халыққа қызмет көрсетудің тиімді жобасы басталды
Елордамыздағы Конституциялық сот ғимаратында республикалық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңадан құрылған құқық қорғау мекемесінің қызмет бағытын таныстыру және журналистер қауымымен ынтымақтастықты нығайту.
Саясат • 29 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізілгеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Ұсынылған 56 түзетуді дауыс беруге қатысқан Қазақстан азаматтарының 77,18 пайызы қолдап, жаңартылған Ата Заң халық мүддесін көздеген игі істерге жол ашты.
Ауа райы • 29 Тамыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
«Қазгидромет» өңірлерде 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Тамыз, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға таман суармалы алқаптарды 2,2 млн гектарға жеткізу туралы Үкіметке пәрмен берген еді. Бұл ретте өңірімізде суармалы алқап ұлғайып келеді. Егістіктегі шаруалардың жұмысы ширап, қамба құнарлы астыққа тола бастады. Әсіресе, астықты Абай ауданындағы диқандар мемлекеттің демеуін сезініп, егістіктегі өнімдерін еселеп алып жатыр.