Спорт • 28 Тамыз, 2023

Түркістандық спортшы Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Дуйсбург қаласында байдарка, каноэ есу және паракоаноэден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандық спортшы Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған әлем чемпионатында параканоэден 200 метр қашықтықта KL2 сайысы бойынша Бибарыс Спатай үздік бестікке еніп, Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Су спорты түрлері бойынша Түркістан облыстық спорт мектебінің спортшысы Б. Спатай енді Францияның бас шаһары Париж қаласында өтетін дүбірлі додаға дайындалады.