Жоба • 06 Тамыз, 2024
Назарбаев университетінде Германиядағы Дрезден технологиялық университеті мен Ганновердегі ғылыми-техникалық гидрология институты ғалымдарының қатысуымен өткен семинарда олар елорданың су ресурсын тұрақты басқару үшін іске асырған «TERESA» жобасының нәтижелерін таныстырды. Семинарға Дрезден технологиялық университеті «INOWAS» зерттеу тобының жетекшісі Стефан Каталин, Ғылыми-техникалық гидрология институтының бас директоры Лотар Фукс, осы институттың инженері Катарина Фукс, Дрезден технологиялық университетінің PhD Нұрлан Оңдас қатысты.
Шаруашылық • 06 Тамыз, 2024
Жылыжай нарығы: Мүмкіндікті неге пайдаланбай отырмыз?
Кейінгі кездері жиі қозғала бастаған азық-түлік тапшылығы мен қауіпсіздігі жылыжай нарығы төңірегінде мәселе көтеруге жетелейді. Әсілі, елімізде жылыжай жүйесін дамытуға мүмкіндік көп. Бірақ шешімін таппай тұрған түйткіл қаншама. «Қазақстанның фермерлік жылыжайлар қауымдастығы» дара кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы Данияр Қалтаевтың айтуынша, жылыжай өнімдерімен елімізді қамтамасыз етіп, оның сыртында экспортқа шығаруға да диқандардың қауқары жетеді.
Қылмыс • 06 Тамыз, 2024
Параны берген де, алған да – қылмыскер. Осы қарапайым қағиданы түсінгісі келмейтіндер қатары арамызда әлі де көп. Бұған еліміздің әр аймағында пара алу-беру кезінде құрықталып жатқан замандастарымыз жақсы дәлел.
Жемқорлық • 06 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында: «Әділетті Қазақстанды құру – менің Президент ретіндегі басты миссиям. Бұл – бәріміздің ортақ ісіміз. Біздің мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспарымыз бар, барлық қажетті ресурс, ең бастысы, баға жетпес капитал – еліміздің жауапкершілігі мол азаматтары бар. Мұндай тарихи өзгерістер ұлттың ұйысуын және әрқайсымыздың күш-жігерімізді қажет етеді», деген еді.
Сараптама • 06 Тамыз, 2024
Пәтерді жөндеуге қаржыны қайдан аламыз?
– Биыл іске қосылған «Отау» және «Наурыз» ипотекалық бағдарламалары бойынша пәтердің жөндеу жұмысына қажетті қаржыны да банк арқылы рәсімдеуге болады. Мұның тәртібі қандай? Ипотекалық бағдарламалар аясында жөндеу жұмысына қажет қаражатты бөлек рәсімдеу керек пе?