Саясат • 28 Тамыз, 2023
Дипломатиядағы айқындаушы үрдіс
Ғаламдану үдерісі айналамыздағы жойқын өзгерістерді, одан туындаған жаңа қауіп-қатерлерді үдете түсті. Мұндай сын-асулардан кез келген елді тек мықты дипломатия ғана сүріндірмей аман алып шыға алады. Ал дипломатиясы бәсекеге түсу қабілеттілігі тұрғысынан әлсіз елдер неге ұшырайтынын ойлаудың өзі қорқынышты. Мұндай пайымдарға келуге дипломатия саласындағы отыз жылғы тәжірибемде кезіккен екі-үш оқиға түрткі болды.
Әлем • 28 Тамыз, 2023
Өткен аптаның аяғында бүкіл әлем назары Ресейге ауды. Аталған елдің бұқаралық ақпарат құралдары сәрсенбі күні Твер облысында «Вагнер» жеке әсери жасағының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшырағанын жарыса жазды. Бортта 7 жолаушы, 3 экипаж мүшесі болған.
Банк • 28 Тамыз, 2023
Ұлттық банк кейінгі үш жылда алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдады. Ставка 16,75 пайыздан 16,50 пайызға төмендетілді. Ұлттық банктің хабарлауынша, нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады.
Қоғам • 28 Тамыз, 2023
Риддер: шешімін таппаған түйткілдер
Риддер қаласында жылу қазандығынан басқа да мәселелер жетіп артылады. Жуықта ШҚО «Amanat» партиясы филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы Батыс Алтай қойнауындағы қаланың бірқатар әлеуметтік нысанын аралап, шешімі табылмай келе жатқан проблемаларды назарға алып қайтты.
Қоғам • 28 Тамыз, 2023
Әлеуметтік кодекс: Төлемдерді есептеуді әлі де жетілдіру керек пе?
Әлеуметтік саладағы барша бастама азаматтарға тең мүмкіндіктер мен қызметтерді қолжетімді етуді көздейтін ізгі мақсатпен жетілдіруге тиіс. Біздің ел әділ қоғам құруға ұмтылысын айшықтап, әлеуметтік саясаттың ендігі белесін айқындайтын жаңа кодекс қабылдады.