Экология • 26 Тамыз, 2023

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.