Елорда • 07 Тамыз, 2020
Елорда дәріханаларында вирусқа қарсы препараттың жоғары бағамен сатылғаны анықталды
Полиция қызметкерлері елорданың үш дәріханасында "Ацикловир АКОС" препаратының бағасын көтеру фактілерін анықтады. Денсаулық сақтау министрінің "Дәрілік заттардың шекті бағасы туралы" бұйрығына сәйкес, бір қаптамасы 189 теңге тұрады. Нәжімеденов көшесіндегі дәріханалардың бірінен жалпы сомасы 7 мың 200 теңгеге 18 пакет препарат тәркіленді. Дәріхана қызметкерлері препараттың бір қаптамасын 400 теңгеге сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 07 Тамыз, 2020
Елордада 18 жеке ұйым экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды
Талдау көрсеткендей, негізінен экологиялық заңнаманы бұзуға құрылыс ұйымдары жол береді. Жыл басынан бері 12 нысанда осындай бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Алматыда коронавируспен ауыру көрсеткіші төмендеп келеді − Жандарбек Бекшин
Онлайн брифингте қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың төмендегені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова: Жаңа оқу жылына дайындық барысы бақылауда тұр
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті БАҚ құралдарының өкілдеріне арнап жаңа оқу жылына дайындық шаралары тақырыбында баспасөз конференциясын ұйымдастырды.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2020
Елорда әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.