Елорда • 07 Тамыз, 2020

Елорда дәріханаларында вирусқа қарсы препараттың жоғары бағамен сатылғаны анықталды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері елорданың үш дәріханасында "Ацикловир АКОС" препаратының бағасын көтеру фактілерін анықтады. Денсаулық сақтау министрінің "Дәрілік заттардың шекті бағасы туралы" бұйрығына сәйкес, бір қаптамасы 189 теңге тұрады. Нәжімеденов көшесіндегі дәріханалардың бірінен жалпы сомасы 7 мың 200 теңгеге 18 пакет препарат тәркіленді. Дәріхана қызметкерлері препараттың бір қаптамасын 400 теңгеге сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорда дәріханаларында вирусқа қарсы препараттың жоғары бағамен сатылғаны анықталды

Қабанбай батыр көшесіндегі екінші дәріханада препараттың бір қаптамасы 300 теңгеден сатылды.
Ал Умай Ана көшесіндегі үшінші дәріханада дәрі-дәрмектің бағасы 41 теңгеге қымбаттады.

Дәрілік препараттардың бағасын көтеру саласындағы заңнаманы бұзғандарға қатысты материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту және олар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

Полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР заңнамасын бұза отырып, медициналық препараттарды сату фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуді жалғастыруда.

Рейдтер басталғаннан бері тәртіп сақшылары ҚР заңнамасын бұза отырып, медициналық препараттарды сату бойынша 124 құқық бұзушылықты анықтады, 137 адам, оның ішінде 90-ға жуық фармацевт ұсталды, 476 дәріхана тексерілді.

Елордалық Полиция департаменті фармацевтикалық қызмет субъектілеріне дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату бойынша ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.