Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
СҚО-да 29 адам көлік басқару құқығынан айырылды
Жыл басынан 29 солтүстікқазақстандық өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 28 Тамыз, 2020
Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу ПИК шығындарын азайтуға мүмкіндік береді
Биыл 50-ден аса көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді, 130-дан астам лифтіні жөндеу және ауыстыру басталды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Шымкент тұрғындары Конституция күніне орай баспаналы болды
Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында "Премьера" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған кешен бес қабатты екі тұрғын үйден тұрады. Онда жалпы 80 пәтер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
30-ға жуық тұрғынды алдаған азаматша бас бостандығынан айырылды
30-ға жуық тұрғынды алдаған азаматша бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 28 Тамыз, 2020
2,4 миллионға жуық қазақстандық карантин кезінде бір реттік төлем алды
28 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 602 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 391,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 384,4 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.