Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Шымкентте Азиядағы ең ірі әмбебап ату кешені салынып жатыр
Шымкент қаласында "SHOOTING PLAZA" әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Қоғам • 05 Тамыз, 2020
2,2 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңге алды
2,2 млн-ға жуық қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлемді алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Қостанайда 2 провизорлық госпиталь жұмысын тоқтатты
Короновирус індеті мен пневмония жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты Қостанайда 2 провизорлық орталық жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Шымкент әкімінің бірінші орынбасары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, үшінші мегаполистың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен Шымшаһардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Жиында Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау үшін жоспарлары жөнінде сөз қозғады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Таныстарын ақша тауып беруге мәжбүрлегендер ұсталды
Петропавлдың екі тұрғыны өздерінің таныстарын 150 мың теңге ақша тауып беруге мәжбүрлеген. Полицияның қысқа ақпаратына қарағанда олар 1982 және 1989 жылы туған, бұрын бірнеше рет сотталғандар. Таныстарынан не себепті ақша талап еткені және бұл істе қару қолданғаны, күш көрсетілгені айтылмайды. Тек екі күдікті криминалдық полицияның күшімен кеше қаланың Жамбыл және Попов көшелерінің қиылысында ұсталып, құрықталғаны ғана айтылған, - деп хабарлайды Egemen.kz