5 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды.
Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды. 2,4 млн-нан астам өтінімнің ішінде: – 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 621,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;
– 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 634,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаcы мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 835,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 216,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 398,5 мың өтініш азаматтардың басқа санатынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге төленді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады. Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.