Елорда • 05 Тамыз, 2020
Елорда полицейлері табиғат аясында көпшілік жиналатын орындарға экопатруль жүргізеді
Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу және экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту бойынша шаралар қабылдау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Таза Қазақстан" айлығы өтуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2020
Министрлік жануарларға қатыгездік көрсеткендерді жазаға тартуды қолдайды
Қазақстанда жан-жануарлардың өліміне әкеп соқтырған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет, деп мәлімдеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Ол бұл пікірді Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижесінде білдірді.
Тағайындау • 05 Тамыз, 2020
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Өмірзақ Әбілсейітұлы Ниязбеков облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 05 Тамыз, 2020
Алматы орталық мешітінде 500 отбасына көмек көрсетілді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен іске асқан QURBAN-2020 онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен 500 отбасына әлеуметтік (азық-түлік) көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Алматыда жыл басынан бері 3,5 мыңдай адам зейнетке шықты
Биылғы жылдың 7 айында 3554 алматылық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 3303 алматылық зейнетке шыққан.