Қоғам • 24 Тамыз, 2016
Қазақстан мен Польша арасындағы әріптестікті сапалы жаңа деңгейге көтеретін болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша Республикасына мемлекеттік сапары кеше жалғасын тапты. Сапардың алғашқы күні Елбасы Польша Президенті Анджей Дудамен кездесіп келіссөздер жүргізгені, екі мемлекет басшысы бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізгені, Қазақстан мен Польшаның Үкімет мүшелері маңызды құжаттарға қол қойғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің Премьер-министрі Беата Шидломен кездесті.