Таным • 27 Тамыз, 2024
Ғалам ғажаптары: Роботтар конференциясы
Бейжіңде дүниежүзілік робот техника конференциясы өтті. Осы жиында адамға ұқсас 27 робот көрсетілген. Бұл – осы сала тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Қоғам • 27 Тамыз, 2024
Елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті. Қайырымдылық науқан аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары берілді. Сыйлықты этномәдени бірлестіктердің мүшелері, Аналар кеңесі, «Жомарт жан» орталығы тарту етті.
Медицина • 27 Тамыз, 2024
МӘМС: Цифрландыру тұйықтан шығара ма?
Медициналық көмектің сапасын арттыру үшін МӘМС жүйесі мен медициналық мекемелердегі кемшіліктерді қатар реттеу қажет. Қазір МӘМС жүйесін жетілдіруге, цифрландыруға басымдық бере отырып, кемшіліктерді реттеуге көңіл бөлініп жатқанын байқаймыз. Мысалы, сақтандыру қорында медициналық қызметті цифрландырып, жүйедегі мол деректермен жұмыс істеу үшін ситуациялық-талдамалық орталығы ашылды.
Таным • 27 Тамыз, 2024
Бұрынғы заманда аталарымыз ел қорғаудың қамы үшін әрқилы жауынгерлік жаттығулар жасайтын болған. Соның бірі сарбаздардың – мергендік өнерін шыңдау тәсілі. Мысалы, көрнекті жазушы Iлияс Есенберлин «Көшпенділер» тарихи трилогиясында: «Мергендер жамбы атып, керілген тері атып сайысқа түсті» деп жазады.
Денсаулық • 27 Тамыз, 2024
Бүгінде кез келген көзі ашық адам медициналық мекемелердің дертті дер кезінде анықтап, емдеу мақсатында тұрғындарды жасына қарай жоспарлы тексеруден өткізіп, скрининг жүргізіп жататынын біледі. Бастапқыда тосындау естілсе де, бұл терминдерге жұрттың құлағы үйрене бастады. Алайда мұндай жоспарлы шара туралы жұрттың бәрі хабардар дей алмаймыз. Ақиқатына келгенде, бұл – емдеу мекемелерінің насихат жұмысын қаншалықты ықыласпен, ал халықтың өз денсаулығына қаншалықты ыждағатты қарайтынына байланысты. Бірақ нәтижесі де жоқ емес.