Қоғам • 25 Тамыз, 2022
Алматыда тек биылдың өзінде пойыз машинистері 110 рет шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған. Неге? Мұндай келеңсіздікке қауіпсіздік ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен автожүргізушілердің бейжайлылығы, малдың рельс үстінде жайылуы себеп болған.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2022
Бүгінгі таңда Солтүстікте жалдамалы жұмыскерлердің саны 9,5 мың адамға, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 5,2 мың адамға азайған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9-дан 3,9 пайызға дейін өскен.
Қоғам • 25 Тамыз, 2022
622 мыңнан астам адам атаулы көмек алды
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді.
Білім • 25 Тамыз, 2022
Ұлттық құрама сапындағы жеңімпаздар
Былтыр еліміздің құрамасы әлемнің 100-ден астам елінің өкілдерімен қатар математика, физика, география, химия, биология, лингвистика және информатика (JBMO, IMO, IPhO, IGeO, IChO, IBO, ILO, IOI) бойынша 8 беделді халықаралық олимпиадаларға қатысып, 33 медаль жеңіп алған.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2022
Елімізде ұйымдастырылған VIII Халықаралық армия ойындары аяқталды. Он күн бойы сарбаздар түрлі тактикалық сайыста өзара кіл мықтыны анықтады. Жүлдегерлер Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында марапатталды.