Қоғам • 25 Тамыз, 2022

622 мыңнан астам адам атаулы көмек алды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 1 тамыз­да­ғы жағдай бо­йынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеу­мет­тік көмек та­ғайын­­далды. Биыл осы мақсаттарға бюд­жет­­тен 83,8 млрд теңге бөлінді.

622 мыңнан астам адам атаулы көмек алды

АӘК отбасының әрбір мү­ше­сіне жан басына шаққан­да­ғы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға та­ғайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсе­ту­дің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің бар­лық өңірінде табысы аз отбасы­лар­дың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қам­та­­масыз ету бойынша жұ­мыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұр­мыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама та­ғайы­ндалды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айындағы ТЖ ре­жі­­міне байланысты 2021 жыл­дың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жыл­­дың 1 тоқсанына автоматты түр­де ұзартылды. Бұл ретте жа­ңа алушыларға Электронды үкімет порталы арқылы атаулы әлеу­мет­тік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді.

Қазіргі уақытта қазақ­стан­дық­­тар АӘК тағайындауға өті­ніш­ті тұрғылықты жері бойынша жұ­мыспен қамту орта­лығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.