Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Маңғыстауда үздік ұстаздар марапатталды
Маңғыстауда білім саласының үздіктері ҚР «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Айдос Агдарбекұлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапаттарын тапсырды.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді іздеу тоқтатылды
Қазақстандық құтқарушылар Жеңіс шыңына 14 рет ұшып, альпинистерді таба алмаған.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Қарағанды облысындағы ауылда өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Қайнар ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Мұндағы өрт сөндірушілер аталған ауыл мен жақын маңдағы елді мекендерге қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда Қайнар ауылында барлығы 204 түтін бар, онда 1164 адам мекен етеді.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Гаухар Алдамбергенова: Ұлт болашағының шамшырағы
Халқымыздың даңқты перзенті Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын – ұстаздікі» деген дана ой қалдырған. Ұлы ақынның ұлағатты сөзі техника мен технология қарыштап дамыған бүгінгі күнде де өз өміршеңдігін жойған емес. Отандық білім мен ғылымның қарашаңырағы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 75 жыл уақыт мерзімінде мұғалім мамандарын даярлау мен педагогтардың біліктілігін арттыруды сәтті жүзеге асырып, білім беру нарығында туындаған қажеттіліктерге сай жаңашыл жұмыс істеу тәсілдері арқылы мол тәжірибе жинай білді. Білім беру – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, нәтижесі бір күн немесе бір жылда көрінбейтін құндылық. Көпшілік қауымға ортақ игілік. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – тек қана білім. Білім мен ғылымға қояр талап артқан бүгінгідей заманда мұғалімге жүктелер жауапкершілік те еселене түсуде. Бірегей білім ордасының ұжымы осы жауапкершілік үдесінен шығу жолында, бәсекелестікке төтеп бере алатындай мықты маман даярлау мақсатында жұмыс істеуде.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммад әл-Джаберді қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.