Бұған дейін мұндай бекеттер Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Абай, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында ашылған-ды. Олар жалпы саны 23 мың адамнан асатын 28 елді мекенніың өрт қауіпсіздігін сақтайды.
Жалпы, өрт сөндіру бекеттері жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ашылады. Ал Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті оларды қажетті техникамен қамтамасыз етеді. Соңғы уақыттың өзінде аталған бекеттерге алты өрт сөндіру автотехникасы берілген.
Қазіргі уақытта Жаңаарқа және Қарқаралы аудандары әкімдіктерінің балансына өрт сөндіру көлігінің тағы екеуін беру мәселесі қарастырылуда. Жыл соңына дейін Шет, Осакаров, Нұра, Абай және Ұлытау аудандарында да бес өрт сөндіру бекетін ашу жоспарда бар.
Айта кету керек, Қайнар ауылында ашылған бұл нысан өңірдегі 14-ші өрт сөндіру бекеті.
Қарағанды облысы