Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Отбасы құндылығының қайнарын қайдан іздейміз?
Соңғы жылдарда некенің жиі бұзылуы, бала тағдырының тәлкекке айналуы қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналды. Шаңырағы шайқалған орталарда балалар құқығын таптау, отбасы құндылықтарын құрметтемеу сынды кереғар әдеттердің қоғам санасына дендеп бара жатқандығы алаңдатады. Отбасы ғана емес, бүтіндей бір елдің қасіретіндей көкейкесті мәселемен күресіп, оның алдын алу мақсатында еліміздің 8 аймағында 11 орталық ашылып, «Бақытты отбасы» пилотты жобасы жүзеге аса бастады. Отбасын қолдау ресурстық орталығында психолог мамандармен қатар, заңгер, әлеуметтік қызметкерлер тегін кеңестер беріп, шаңырақтардың шайқалмауына ықпал етуде.
Парламент • 22 Тамыз, 2019
Н.Нығматулин Қытай елінің Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Қостанайда ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті
Форумды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қостанай облыстық әкімдігі, «G-Global-дың» Халықаралық Хатшылығы, «Жасыл экономика» және «G-Global-ды» дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Қазақстан әйелдерінің агарарлық одағы» ЗТБ ұйымдастырды. Шараға Coca-Cola халықаралық қоры демеушілік жасады.
Қоғам • 22 Тамыз, 2019
Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясында Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде кадрлық мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетовтың ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Атырауда жыл басынан бері 10 000-нан астам адам жұмысқа орналастырылды
2019 жылдың 1 тамызына дейін жұмыспен қамту орталығына 14 420 адам хабарласып, оның 10 009 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.