Медицина • 23 Тамыз, 2018
Қазақстанның міндеті – ядролық қаруды таратпау
Семей ядролық сынақ полигоны 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығымен жабылды. Әлемдегі ең ірі полигон болып саналатын сынақ алаңын жабу арқылы Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі көшбасшы ел атанып, атомды соғыс құралы емес, бейбіт өмірге бағыттай бастады. Осыған орай құрылған Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта атом энергетикасын дамытуға қатысты көптеген ғылыми-тәжірибелік жұмыстар қолға алынды. Атом ғылымы қазіргі таңда қалай және қай бағытта даму үстінде, міне, осы жайлы физика-математика ғылымдарының докторы, Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан БАТЫРБЕКОВПЕН әңгімелескен едік.
Ел болып еңсе тіктеп, тірлігіміз оңалып, жыртығымыз жамалып, барымыздың бағын ашып жатқан тұста, қатыгездік пен қайырымсыздық тас кенедей болып жабысып алатынды шығарды. Жұрт болған жерде ондай-ондай кездеспей тұрмайды дейміз. Бірақ етек жайып кетсе, естен тандырмай, бұл қалай өзі дегізбей қоймасы анық.
Тарих • 23 Тамыз, 2018
Батырлар жыры кісілікке баулиды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы негізінде «Балаларға батырлар жырын жаттатудың тиімді жолдары мен ескеруге тиіс жағдайлар» тақырыбында Алматыдағы Ұлттық кітапханада ұстаздарға арналған кәсіби басқосу өтті.
Тарих • 23 Тамыз, 2018
Ботай қонысын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру – алдағы міндеттердің бірі
Елбасы былтыр «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында «Туған жердің топырағы, әрбір өсімдігі, жан-жануар дүниесі біз үшін өте қымбат. Отанды, елді сүю осыдан басталады. Сондықтан жас ұрпақты осындай жағдайда тәрбиелесек деп ойлаймын. Қазіргі кезде бұл жұмыстар барлық жерде жүргізіліп жатыр» дей келіп, Қазақстанның киелі жерлері географиясы ауқымында туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Тарих • 23 Тамыз, 2018
«Қасиетті Қазақстан» қадамдары
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» деген болатын.