Футбол • 19 Қыркүйек, 2025
ҚФФ академиясы Talent Academy мәртебесін алды
Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) академиясына ФИФА Talent Academy мәртебесін беру рәсімі өтті. Осылайша ҚФФ әлем бойынша тоғызыншы, ал УЕФА аймағында екінші федерация болды. Жоба ҚФФ пен ФИФА арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асып, жас ойыншыларды халықаралық стандарттарға сай дайындауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2025
Үйінде есірткі өсірген астаналық ұсталды
Ер адам үйінің бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықтаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркілеген, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 19 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар «Superpave» технологиясы бойынша алғашқы жол телімдерін төседі
Елімізде халықаралық «Superpave» (Superior Performing Asphalt Pavement) технологиясы бойынша алғашқы жол телімдері салынды. Асфальтбетон қоспаларын жобалаудың бұл жүйесі қатты аяз бен аптап ыстықты, сондай-ақ көлік қозғалысының жоғары қарқындылығын ескере отырып жасалынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Түркістанда оқушылар ұялы телефон қолданудан бас тартты
Енді Түркістан қаласындағы бірқатар мектепте оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Қалалық білім бөлімінің «Смартфонсыз мектеп» жобасы ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалардан да қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қыркүйек, 2025
Діни араздық тудырған 11 адам сотталды
Астана қаласының прокуратурасы биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.