Заң • 19 Қыркүйек, 2025

Діни араздық тудырған 11 адам сотталды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының прокуратурасы биыл ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Діни араздық тудырған 11 адам сотталды

Фото: Жоғарғы сот

Мәселен, елорда тұрғыны Тик Ток әлеуметтік желісінде, тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіріп, сол арқылы ұлттық негізде жанжал тудырған.

Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы талаптарына  қарама-қайшы екені дәлелденді.

Мемлекеттік айыптаушылар сотталушылардың кінәсі толық негіздеп, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енген.

Айта кетейік, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50