Мәдениет • 29 Қыркүйек, 2023
Қазақтың ән өнерінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырып, ақындық мұрасымен де аты аңызға айналған Әсет Найманбайұлы атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауы «көрген де арманда, көрмеген де арманда» дегендей ерекше әсер қалдырды. Үржар аудандық мәдениет үйінде өткен мәдени іс-шараны Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жоғары деңгейде ұйымдастырғанының куәсі болдық.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2023
Тамылжыған күздің тамаша күнінде белгілі жазушы, көрнекті журналист, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, қазіргі Қазақстан спорт журналистері федерациясының тұңғыш төрағасы, 1966 жылы Лондонға, 1970 жылы Мексикаға барып, футболдан әлем чемпионаты туралы алғаш қалам тартқан Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдық торқалы тойына орай Қонаев қаласында «Ар-намыстан жаралған қайраткер тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Зерде • 29 Қыркүйек, 2023
Мағжанның қайраткерлігін айқындайтын құжат
Мағжан Жұмабайдың күрделі кезеңдегі саяси қайраткерлігін дәлелдейтін деректің бірі – 1918 жылы Петропавл уездік ІІ төтенше жиналысына қатысқаны туралы құжат.
Инвестиция • 29 Қыркүйек, 2023
Инвестиция тартуға басымдық беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Бір сөзбен айтқанда, билік тарапынан ел экономикасын көтерудің барлық алғышарты пысықталды. Енді өңірлерде жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, Президент тапсырмасын сәтімен іске асыру керек.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Қазақта «Саф өнер саңлаққа ғана қонады» деген жақсы сөз бар. Осы бір әдемі теңеуді заманында суырыпсалма ақындығымен, шебер күйшілігімен елді аузына қаратқан, бүгінде «Керекудің батагөй ақсақалы» атанып отырған Балтабай Сыздықовқа қай жағынан айтсақ та жарасатындай.