Парламент • 15 Қыркүйек, 2017
Жамбыл Ахметбеков. Тың мүмкіндіктерге жол ашады
Қазақстандық коммунистер латын қарпінің қазақ тіліне оралуын қошаметпен қарсы алады.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Әліпбиді ауыстыру – руханиятымыздың тәуелсіздігі
Латын әліпбиі көптің талқысына түсуде. Көпшілік Елбасының бастамасын құптап, дер кезінде жасалған бастама екендігіне ықылас білдіріп отыр. Әрине, түйін сөзді, ақиқатты көбік сөзді сапыратындар емес, зиялы қауым, лингвист ғалымдардың шешетіндігі даусыз.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2017
Жасырып жабатын несі бар, адам ресурсына бай оңтүстікте жұмыс табу өте қиын. Жұмыс беруші «ал, айналайын, бізде жұмыс бар еді, келе ғой» демейді. Бәрі бірдей болмаса да бармақ басты, көз қысты әрекеттер болып жатады.
Өркениеттің ағымы қатты. Сол өркениеттен қалмай ілесіп жүру де әр елге үлкен табандылықты, жігерлілікті әрі алғырлықты қажет етеді. Ал қайсыбір мемлекеттерге осы үрдіс жетпей өркендеудің төменгі сатысында қалып қойғандары бар. Онда фотоаппаратты алғаш көргендер, айпадты қолдарына алып аңтарыла қарайтындар кездеседі.
Рухани жаңғыру орайындағы «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы тәуелсіз мемлекетіміз тарихындағы ең бір келелі, көкейкесті мәселе. Бұл орайда Асан Қайғының жер-суға, атақонысқа қатысты аталы ойлары, ақылман пайымдаулары нағыз абыздық толғамдар деуге лайық.