Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Алматы күні – қала тұрғындарының асыға күтетін айтулы мерекесі. Қала күнін атап өтудің алғашқы шараларын шаһар халқы қуанышпен қабылдады.
Тарих • 17 Қыркүйек, 2018
Шыңжандағы Құтыби ауданы орталығының батыс оңтүстігінде, 75 шақырым қашықтықтағы Тәңіртауда өте көп жартас суреттері кездеседі. Оның ғажайыптығы да сонда, бишілердің буындарын сыртылдатып, өрнекті өнерді төгілтіп жатқанын көз алдыңызға әкеледі.
Әдебиет • 17 Қыркүйек, 2018
«Мені әдебиетке мұң жетелеп әкелді»
Алматыда қазақ ПЕН-клубы әлем жазушыларының форумын ұйымдастырып, он жеті елдің әдебиетіндегі жүйріктерді жинап, «Құбылмалы әлемдегі қазіргі заманғы әдебиеттің рөлін» анықтау үшін ашық ойдың аламанын жасады. Палестина, Марокко, Түркия, Ресей, Франция, Украина жазушыларының ағыл-тегіл ағылшыншасымен айтылып жатқан бүгінгі ғаламдық үдерістегі әдебиеттің орны мен маңызы туралы өткір пікірі жаныңа майдай жағып жатқанда, кешегі ХХ ғасырдың басындағы ойлау үлгісі мен жазу машығынан қол үзгісі келмейтін қазақ әдебиетінің даму, өзгеріс атаулыға үрке қарап тұратын үрейге толы мінезі үшін кім кінәлі деген сұрақ өз ішімізден қоса қабаттаса қойылып отырды. Шақырылған қонақтардың ішінен өз елінде туып, басқа елде өмір сүретін, шығармасын үшінші бір тілде жазатын жазушыларды көргенде, жаһандану кезеңінің жанды мысалымен алыстан емес, бетпе-бет кездескендей болдық. Біз сұхбаттасқан поляктың бүгінгі ең танымал жазушысы Януш Леон ВИШНЕВСКИЙ де Польшада туып, отыз жылдан бері Германияда өмір сүреді. Кітаптары әлемнің 19 тіліне аударылған. Әр шығармасы үлкен дүмпу туғызады. Көп сыналады және сонша көп мақталады да. Физика ғылымдарының докторы.
Медицина • 17 Қыркүйек, 2018
Балдырғандарға арналған бірегей орталық
Атбасар қаласында бал күлкілі балалар жиналып ойын-сауық өткізетін, ой-өрісін жетілдіретін орталық ашылды.
Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.