Таным • 17 Қыркүйек, 2018
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Таным • 17 Қыркүйек, 2018
15 қыркүйекте Қазақстан қоғамы белгілі мемлекет қайраткері және дипломат Михаил Иванович Есенәлиевтің 90 жылдығын атап өтеді. М.Есенәлиев – тағдыры ерекше адам. Өзінің естелік кітаптарының бірінде былай деп жазады: «Мен 26 жасқа дейін ресейлік, ал 40 жылдан астам уақыт бойы қазақстандықпын, мені ата-бабаларымыздың туған жері тартып әкетті». Қиын әскери жылдары жұмыс істеп, орта мектеп, кейін заң мектебін үздік бітіріп, М.Есенәлиев өзін Саратов облысының Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы жүйесінде, одан кейін Алматы қаласында, Павлодар облысында және Қазақ КСР-інде шебер ұйымдастырушы және дарынды көшбасшы ретінде танытты. Философия ғылымдарының кандидаты, интеллектуал және партия қызметкері Михаил Иванович өз дәуіріндегі қазақ зиялыларының ең жарқын өкілдерінің бірі болды. 1969-1981 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Мәдениет басқармасының басшысы бола отырып, М.Есенәлиев отандық мәдениет пен өнерді дамытуға үлкен үлес қосты.
Таным • 17 Қыркүйек, 2018
Әдетте өз ісінің майталманы атанып, абырой биігінен көрінген, алқалаған әлеуметтің құрметіне бөленген айтулы тұлға туралы сөз қозғалғанда, оның бастау алған қайнары, қанатын қатайтып, жігерін жаныған ерекше сәттер мен өсіп-өнген ортасының әсері туралы білу әрқашан қызығушылық тудыратыны белгілі. Бүгінгі күні жетпістің заңғар биігін бағындырған мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, экономист ғалым және саясаттанушы Серік Достанұлы ПІРІМБЕТОВТІҢ ғұмыр тарихына, еңбек жолына көз жүгіртер болсақ, алдымыздан қажырлы еңбек пен айтулы жеңістер, әдетте қатар жүретін қиындықтар мен жетістіктер, сонымен қатар қарапайым адами қызықтар сомдаған қайраткер тұлғасы шығады.
Медицина • 17 Қыркүйек, 2018
Аграрлық секторға қосымша қолдау
Ел Үкіметі мен Ұлттық банк жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.